ҚАЗ   ENG

Новостной сюжет: Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің басталуына 5 күн қалды

Автор: 24.KZ вкл. .

Кинопродюссерлер қауымдастығы халықаралық федерациясының аккредитациясынан өткен Орталық Азиядағы бірден-бір кинофестивальге биыл Ивар Калныныш, Сергей Соловьев, Александр Панкратов-Черный сынды кино майталмандары шақырылды.

Әлемдегі 35 көшбасшы кинофестивальдің тізіміне енген шараның басты жаңалықтары Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды. Биылғы кинофестиваль аясында бірнеше мерейтой тоғысқан.

Халықаралық шараның 10жылдығы қазақ киносының атасы Шәкен Аймановтың 100-жылдығы, «Қазақфильм» киностудиясына бірегей тұлғаның есімі берілгеніне 30-жыл, сондай-ақ Шәкен Кенжетайұлының тұңғыш фильмінің 50жылдығы қатар аталып өткелі отыр.

Ермек Аманшаев, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті:

- Осы кинофестиваль аясында Шәкен Аймановтың жаңадан шыққан кітап-альбомын, монографияларды, Шәкен Кенжетайұлы туралы түсірілген деректі фильмнің тұсаукесері сияқты көптеген шаралар өтеді.

Әлемнің 30-дан астам елінен жіберілген 170 картинадан небары 12-сін таңдау- іріктеу комиссиясының талқысына ұсынылды. Серік Апрымов, Ғазиз Насыров, Нариман Төребаев сынды қазақ киносының саңлақтарынан құралған комиссия мүшелері жаз бойы байқауға жіберілген туындыларды қарап шықты. Нәтижесінде, байқауға бұрын келмеген Эстония, Грузия, Албания режиссерлерінің еңбектері қатысатын болды. Ал қазақстандық 8 картинаның біреуі ғана халықаралық додада бақ сынамақ. Ол – Ермек Шынарбаев пен әйгілі француз актері Жерар Депардьенің «Дала даусы» атты фильмі.

Еуразиялық кинофестивальге биыл Корея кинематографиясын қолдау қорының өкілдері келеді. Канн кинофестивалінің өкілдері де қазақстандық шараның құрметті қонақтары болмақ. Бұл өз кезегінде еуразиялық кинофестивальдің қомақты халықаралық жобаларды жүзеге асыру алаңына айналғанының дәлелі болса керек.

Источник: http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/m-deniet/item/24874-uyna-5-k-n-aldy